«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, серіктес бөбекжай педагогтерінің білімін тереңдетуге, жетілдіруге бағыттау, әдістемелік тұрғыда қолдау көрсету, кәсіби дамуына ықпал ететін қызметті жүзеге асыру мақсатында 23.10.2024 ж бөбекжайымызда «Балалар әлеміне саяхат» атты ашық есік күні өтті.
Қаражал қаласының «Балбөбек» бөбекжайының әдіскерлері мен тәрбиеші,педагогтері келіп тәжірибе алмасты. Бағдарлама бойынша бөбекжай директоры Нағима Қиынбайқызы Тағыбергенова бөбекжай туралы мәлімет беріп бағдарламаның мақсатымен таныстырып,ой бөлісті. Әдіскер М.Ж. Байгабулова келген қонақтарға бөбекжайға экскурсия ұйымдастырды. Топ тәрбиешілері мен қазақ тілі мұғалімі Аманкул Қуанышқызы кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетін жүргізіп, арнайы мамандар дефектолог А.У. Сарсембаева , логопед Ибраева Л.Ж ерекше балалармен түзете-дамыту жұмыстарын көрсетті. Дене шынықтыру нұсқаушысы А.Е.Ергалиева ұлттық ойын асықпен тәжірибе алмасты. Балабақшамыздың психологы Қасымова А.Е қонақтармен ұжымдастық бірлестікті арттыру мақсатында «Кел танысайық» атты тренинг өткізді. Ашық есік бағдарламасының соңында музыка жетекшілері Анабаева Ж.С мен Торина Г.Ж қонақтарға күй күмбірімен консерттік бағдарлама ұйымдастырды. Педагогтер Облыстық іс-шараның өз деңгейінде ұйымдастырылып тәжірибе алмасуда алған әсерлерімен бөлісті. #біртұтас_тәрбие

